Өзіңменен өшкеннен соң от, гүлім – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Өзіңменен өшкеннен соң от, гүлім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 755
Өзіңменен өшкеннен соң от, гүлім,
Өзіңменен жоғалған соң тоқтығым,
Үңірейіп жұртта қалған ошақтай
Қуанатын кезім мүлде жоқ тұғын.
Жігер беріп өзімді-өзім мың қайрап,
Сұраушы едім бұл Құдайдан қылдай бақ.
Өзіңменен қалып кеткен сонау кез
Бар қызығы бұйырмаған ұлды ойлап.
...Қайткенменен сағым менің сынды анық,
Өмір қалды сұм өсекке былғанып.
Барған кезде бір көруге ұлымды
Қуатынсың, кететінмін жынданып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері