Дәл өзіңдей ешкімді сүйгенім жоқ – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Дәл өзіңдей ешкімді сүйгенім жоқ» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 2780
Дәл өзіңдей ешкімді сүйгенім жоқ,
Одан бөлек бойымда түйме мін жоқ.
Есігіңнен сығалап, тесігіңнен,
Өзімді-өзім терідей иледім көп.
Сен кеткенде тоналып абат бағым,
Жұртта қалған жандай-ақ алақтадым.
Қайта-қайта барсам да үй жағыңа,
Есігіңе ит байлап жолатпадың.
Шаршаған соң сен жаққа бара-бара,
«Бармаспын!» деп серт айттым жаңа ғана.
Аман болса болды да,
Тек әйтеуір
Сенен туған қазақы қара бала!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері