О, тағдыр, керек емес тосқауылың

Бұл бетте «О, тағдыр, керек емес тосқауылың» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 739
О, тағдыр, керек емес тосқауылың,
Өмірлік қайғы емес, басқа ауылым.
Бұлбұлдың жүрегімде ұясы бар,
Жібіткен мейірсіздің тас бауырын.
Адамдар жақсылықты кеш көреді,
Өкініп, содан кейін ескереді.
Мендегі мейірімнің күші бөлек
Әбжылан қарсы келсе сескенеді.
Бір қиял бір қиялды өңгереді,
Жаманды жақсыменен теңгереді.
Арыстың бұлдырлаған бұлағы едім,
Енді-енді ашылғанда, көмбе мені!
Белгілі қуанарым, өкінерім,
Күмбір-күмбір күй менің көкірегім
Шарпыған жалыным бар шартарапты,
Су сеппе сол жалынға, өтінемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, тағдыр, керек емес тосқауылың өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

О, тағдыр, керек емес тосқауылың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, тағдыр, керек емес тосқауылың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, тағдыр, керек емес тосқауылың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері