Ей, қара түн – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Ей, қара түн» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Ей, қара түн,
Айтшы маған ақтығын,
Мен осынша зарға қамап тапты кім?
Кінәлі деп айтайын ба шешемді,
Әкем бе екен іздеп өткен бақ пірін.
Ей, қара түн, бірдеме деші маған,
«БОМЖ»-дардың тірлікте несі ұнаған?
Мұнан басқа не айтар жесір адам,
Кешір әке, сен мені кешір анам!
Ей, қара түн, несіне түңілдің сен,
Сәйгүлікті не шара сүріндірсең.
Әлдеқалай айнаға қарай қалып,
Қорқынышты боп шығар түрім күлсем.
Ей, қара түн, жаныштап жібер мені,
Мен дегенде ұпайың түгел ме еді?
Вокзалдарды паналап, жағаладым,
Маза бермей қаланың жүгермегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері