Еңбегің ұлан-асыр – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Еңбегің ұлан-асыр» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 994
(Махмұт Қасымбековке)

Уа, Маха, некен­-саяқ сендей адам,
Жерім жоқ шын жақсыдан жанды аяған.
Дос таптым, туыс таптым – тыныс таптым,
Қуанып керегемді кеңге жаям!
Бассам да ақындықтың өріне аяқ,
Жүруші ем нағыз досқа жарымай­ақ.
Біреуге таудай болып көрінгенмен,
Білгенге бақыт, шіркін, тарыдай­ақ.
Алысқа көп үңілген қарашығым,
Қазақтың қарапайым баласымын.
Не қайыр толып жатқан ағайыннан,
Көңілдің таба алмаса жарасымын.
Еңбегің ұлан­асыр халқыңа еткен,
Самалдай шарапатың желпіп өткен.
Ұяңнан ұша берсін шартарапқа,
Бақытты балапандар сен түлеткен!
Үлгісін Елбасының дәріптеген,
Тұлғаңның биіктігін танып келем.
Жазылар Тәуелсіздік тарихына,
Сенің де атың алтын әріппенен!
Өзіңді жолықтырды Тәңір маған,
Жақсыны жақындамай таныр ма адам?!
Өмірдің шуағына бөлене бер,
Аққудай айдын көлде мамырлаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері