Айналаға отыра қап өренім – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Айналаға отыра қап өренім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 681
«Айналаға отыра қап өренім,
Жыр оқыдық түніменен» деп едім.
Мырс етті де былай деді бір досым,
«Қараңғы үйде қалай болды өлеңің?»
Тұрса қайтем мына қоғам оянбай,
Моторым жоқ жарық жағып қоярдай.
Жарық дүние жыр емес пе мен үшін
Ал мынаның не дегені, ой, Алла-ай!
Рас, менен оның күйі көп бөлек,
Келмеген ол жоқшылықпен бетпе-бет.
Алла оған берген шығар дүние,
Бірақ маған жыр беріпті төкпелеп.
Түсіп кетсем ой дейтұғын қалыңға,
Жетілік шам түтіндейді жанымда.
Дегенменен тіршілікте, шіркін-ай,
Не жетеді Өлеңдегі жалынға!
Алғашқыда өкпеледім досыма,
Тарықтырған қу тағдырың осы да!
Артынша оның байлығына қол сілтеп,
Келіп кірдім жыраулардың қосына.

1998 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері