Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде

Бұл бетте «Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 781
Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде,
Оянды ма шөлдеген сезім менде.
Сабырсыздық санамды билеп алды,
Тынышынан айрылды сезім – көл де.
Сенің үнің ән болып қалықтады,
Күмбірлеген күй болып шарықтады.
Өңім менен түсім де араласып,
Қарсы алады өмірдің талып таңы.
Жел алдады сен болып желеңдеген,
Таңғы тұман арасы, елеңдегем.
Көңіл шіркін есіліп елжірейді,
Сезімімді тербетіп өлеңменен.
Жарқыратқан жарығы айналаны,
Таң сәулесі сен болып аймалады.
Менің жебеп жүретін періштем-ау,
Сенің бейнең төбемде айналады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері