Қойшы, ей, сен маған ән жазбай – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Қойшы, ей, сен маған ән жазбай» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 813
Қойшы, ей, сен маған ән жазбай,
Өзіңше күліп мәз болмай.
Илеп те көріп бұл өмір,
Осындай күнді жазды Аллай-ай.
Темекі шектім кеміріп,
Кеткем жоқ одан семіріп.
Насыбай болды атқаным,
Өмірім содан өріліп.
Ей, құдай мені алшы енді,
Көргім де келмес жалшы елді.
Әніңді қайтем мен сенің,
Мазамды алмай баршы енді.

1-желтоқсан, 2008-ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері