Ана туралы – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Ана туралы» атты Тортай Сәдуақас жазған ана туралы өлең берілген.

  • 23.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1296
Анажан! Мейіріңді айтсам ба екен,
Нұрлы өмірдің нәрін берген сәбиге.
Пейіліңді айтсам ба екен,
Ізгілікті үлестірген әр үйге.
Махаббатыңды айтсам ба екен,
Құшып-сүйген құшағыңда тым ыстық.
Мархабатыңды айтсам ба екен,
Тіршілікке тілеген тек тыныштық.
Пәктігіңді айтсам ба екен,
Тұмадайын тұнып аққан көңілде.
Мәрттігіңді айтсам ба екен,
Жақсылықтың нұрын шашқан өмірге.
Қайсарлығыңды айтсам ба екен,
Көзі болған ерліктердің ересен.
Жайсаңдығыңды айтсам ба екен,
Балауы жоқ бар асылға теңесем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері