Адамдар-ай! – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Адамдар-ай!» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 1
  • 2528
Адамдар-ай!..
Жақсам деймін бәріңе...
Жағам қалай?
Тапсам деймін бабыңды,
Үйде-түзде
Жүру үшін ешкімге алаңдамай.
Қаламын да
Сендерге тағы ұнамай,
Көшкен үйдей көңілім қаңырады-ай!
Жөпшендіге жүрек те жылымайды,
Қабақтарың қайтадан жадырамай.
Жоқ емес сенісер дос,
Сенімді аға.
Жанымды жейді неге менің нала?
...Баршылық қой дүние,
Баршылық қой,
Жетпейтіні –
Жалғыз-ақ көңіл ғана!


Пікірлер (1)

Айша

Керемет сөз жоқ

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері