Біреудің пайдаланып бет-беделін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Біреудің пайдаланып бет-беделін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Біреудің пайдаланып бет-беделін,
балтырым сыздамады текке менің,
Барында жылмақай қу,
жұмақтан да
бізге орын тие қоймас деп келемін.
Тыныштық беріп, түге, құлағыма,
солар-ақ бара берсін жұмағына.
Өмірден өтсем болды күліп анық,
шабыттың мініп алып пырағына.
Солар-ақ пейішіңді иеленсін,
құшақтап,
хордың қызын сүйе берсін,
Алматы арулары аман болса,
бар шығар бұйырғаны,
тиер еншім.
Барында бұрқыраған бойда шабыт;
бағдарлап,
байқар болсам,
ойға салып:
жүргенде жылмақайлар.
сумақайлар,
біздерге орын тие қоймасы анық.
Сондықтан жоққа бола жырымдалып,
күйініп,
көрінгенге ұрынбалық.
Солар-ақ кіре берсін жұмаққа да,
қаласа,
тамұққа да бұрын барып. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері