Жарқыиым-ай, жетпегендей күндегің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жарқыиым-ай, жетпегендей күндегің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 694
Жарқыиым-ай, жетпегендей күндегің.
енді кілең келді білем жүндегің.
мақтасаң да,
даттасаң да қыңқ етпес,
жуас түйе көргенің бе,
кім дедің?
Білместігім болар бәлки, бұл менің,
көтермедім көрінгеннің үргенін,
басымнан құс ұшырмадым,
содан ба,
жақсымен де жағаласып жүргенім...
Басқаларға ұнамай ма,
ұнай ма,
өзім ойлап таба алмадым бір айла,
Әкіреңдер әкім түгіл,
тегі мен
құл бола алмай кетсем керек құдайға.
Жұрт алдына түсіп кетсем,
көрермін,
ең сорлысы бола алмаймын,
тегі елдің.
Қалғып-мүлгіп көне берер жүндеуге,
мені саған жуас түйе деген кім?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері