Өлең, жыр, ақындар

Таң

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 897
Таң қызы күлімсіреп жүзін ашты,
Көк аспан алтын теңіз мұнар ашты,
Гүл исі бау-бақшаның әтір атып,
Аспанға сүңгіп сұлу жұлдыз қашты.
Батты да көк тұманға ұйқы тайды,
Үміттің сұлу құсы қанат жайды,
Шаттықтың шың басында гүлі ашылып,
Жоғалды қам көңілді шалған қайғы.
Таң елі қанат қақты көкке самғап,
Жарылды жауқазыннан гүлдер жайнап,
Аспаннан нұрын төге күн шыққанда,
Жаңғыртты жасыл бақты бұлбұл сайрап.
Құлпырып, қызыл, жасыл гүл жасарып,
Құлшынды жаны сергіп, ел жасанып,
Самалы жаңа өмірдің беттен сүйіп,
Дегендей, тұрды – қанат гүлге ашалық!
Бөлене түссін енді гүлдер нұрға,
Егіле түссін алтын дәндер қырға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз балдағы

  • 0
  • 0

Көк теңізде шомылған
Түнде жұлдыз, күндіз қыз,
Сымбатына сұлу жан
Қарай суда жүрміз біз.

Толық

Күтіп алшы

  • 0
  • 0

Біз майданда от шашуға адамның
Ажалы үшін жасамаймыз темірді,
Біз жасаймыз бақыты үшін әлемнің,
Жайқалтуға бейбітшілік өмірді.

Толық

Қылмысты

  • 0
  • 0

«Айтшы, атаман, шыныңды,
Қалай өстің еліңде?
Суымады бұрынғы
Жастық оты өңіңде?

Толық

Қарап көріңіз