Бетім қайтып кермесе де ешкімнен – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бетім қайтып кермесе де ешкімнен» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.05.2021
  • 0
  • 0
  • 699
Бетім қайтып кермесе де ешкімнен,
бұ тірлікте естімедім сес кімнен,
достарымның күндестігін қоздырмай,
дұшпанның да білместігін кештім мен.
Білмесем де жалтаруды,
бұғуды,
ойламадым жұрт алдына шығуды,
басымнан сөз асырмадым, ағайын,
тасым болса,
жасырмадым,
тығулы.
Өзгелерге өзімдей-ақ сенгелі,
бір адамды кінәлағым келмеді,
ағайын-жұрт күле ме деп қорықтым,
ит екен деп жүре ме деп ел мені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері