Жауабы жоқ сұрақ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жауабы жоқ сұрақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 807
Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Бағдаршамдардың көздерi
Жыпылық-жыпылық етедi;
Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Желдер уiлдеп,
Құйындар
Құтырып-құтырып кетедi.
Алдымен тыңда Сен,
Құлақ түр:
Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Телефондар безiлдеп,
Жесiр әйелдердей
Жылап тұр.
Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Қазақ бiткен
Бiр-бiрiне
Өртенiп қарады;
Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Тролейбустар
Аспанға қолдарын жайып,
Трамвайлар –
Қалшылдап! –
Жер теуiп барады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері