Тереңі-ай мына суат түбінің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тереңі-ай мына суат түбінің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.05.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Тереңі-ай мына суат түбінің,
бере ме құдай қуатты бүгін,—
қарадай ғана қалтырап барам,
қайда жүр менің шуақты күнім?"
Күйдіре келер құрбының демін,
қайда жүр екен нұрлы күндерім,
арылмады ма азабым бастан,
тарылғаны ма құрлығым менің!
Жалығып таңнан жарқын атпаған,
аядай жерге ән тұрақтаған.
суат түбінің суығы-ай мына,
қарадай тоңып,
қалтырап барам!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері