Ақпан айы – Мерей Қартов

Бұл бетте «Ақпан айы» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1157
Ақпан айы қасқырлардың бал айы,
Тауға кетіп ұйығады талайы,
Түзге кеткен тағылардан босаңсып,
Тынышталар қойлы ауылдың маңайы.

Арыса да қасқырларда жан сірі,
Азуында тағдыры мен таң сыры
Айға ұлып, ант береді түн ауа,
Қосыларда арланы мен қаншыры.

Қасқырларға ақпан қымбат кезінен,
Ажыратар Абаданды езінен,
Нұр таматын азуынан қан тоқтап,
Құртқасына қосылғанның көзінен.

Тістескеннің кететұғын тісінде,
Аямайтын ар алдында күшін де,
Қасқырларды құрмет тұтам тағы да,
Сыңарына адалдығы үшін де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері