Тұнығым қайда деумен жетіп ішер – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тұнығым қайда деумен жетіп ішер» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Тұнығым қайда деумен жетіп ішер,
ындыным кебе-кебе — бекіді шөл,—
біріміз-бірімізді табамыз ба,
жол жатыр арамызда екі мүшел?!
Кетесің сен ілгері,
мен — кейінде,
білмедім,
ерейін бе,
ермейін бе.
Таласар бұл фәниде кім бар саған,
бар болса —
баяғыда-ақ көрмейім бе!
Майысқан жағадағы талдай мүсін,
шыдайды,
сені көріп,
қандай кісің!
Мұңым ең күндіз-түні қалмай ерген,
шынымен сен де мені алдаймысың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері