Бұл неткен күн болды өзі – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бұл неткен күн болды өзі» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Бұл неткен күн болды өзі,
бұл неткен күн,
аяқ асты демігіп,
күлбеттендің,
арамызға сызат боп түскен жіпті
шешілместей біржола күрмеп бердің.
Күн болды ғой біз үшін бұл бір ауыр,
жайма-шуақ көңілде тұрды дауыл.
Біле де алмай дал болып қала бердім,
кімді ағайын дерімді,
кімді бауыр!
Құдай ісі —
күлдің не,
жыладың не,
енді жүре алмаспыз сірә, бірге.
Не сен болып, құдай-ау, не мен болып,
таба алмадық бір амал мына күнге!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері