Жау шықты ма, біле алмадым, іргеден – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жау шықты ма, біле алмадым, іргеден» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 715
Жау шықты ма, біле алмадым, іргеден,
біле алмадым, қайда барып күн көрем,
жан-жағымды қарманумен қарашы
келе жатқан сияқтанам түнде мен.
Қайда қалып қойдым әлгі дүрмектен,
тас қараңғы меңіреу түн бүл неткен!
Ақыл-есім ауысқан ба, құдай-ау,
баяғы бір дауыстан да құн кеткен.
Көптен бері ірімей де шірімей,
көкірегіме алды ұялап бір үрей,
әлденелер тап-тап беріп тұс-тұстан
әне-міне жұтқалы тұр тірідей?!
Тоз-тоз болып кетті қайда түс-теңім.
Құзғындар-ай, біле қойған күш кемін!
Әзірейіл сияқтанып әлдене
әудем жерден ақситады тістерін.
Құрып бара жатқандай ма дәрменім,
қолдан келер қандай айлам бар менің?
Қараңғыны қарманғаныңна болайын-ай,
бақыра ма,.. шақыра ма әлдекім?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері