Бір түнде
Драмалық дастан
БІРІНШІ ТАРАУ
Куәгер:
Лап еткен бұл өте ұқсас түнгі өртке
Қанды оқиға болған еді Жаркентте.
Жаңа орнаған өкіметін советтің
Берік деуге мезгіл еді тым ерте...
Қызғалдақтар күткен аңсап бұлбұлды
Көктем келіп, гүл күлімдеп, күн күлді...
Бау-бақшалы шарапхана алдында
Қыдырған жұрт, сән киімді, сан түрлі...
Тоқаш сөзі өзгелерден өктем - ді.
Жарас батыр оған қатты өкпелі,
Қыз-бозбала ән шырқаса шаттанып,
Жауыздар жүр, түн келе қан төккелі!
Мұнда Айжан — Тоқаштың жас жары бар.
Және сайқал, жоғалтқан жастай ұят, ар —
Ақбілектей, қашқан байдың тоқалы,
Сұлу да жүр, еркектерге тым құмар...
Айжан тобының өлеңі:
Қайтқан қаздай бара жатқан алыстай
Көк толқындай таусыла түскен жарыс сай
Өтер жылдар, өшер сырлар біртіндеп
Көкіректі шаттық өртеп, қайғы жеп...
Ақбілек тобының өлеңі:
Ақшыл бетте ойнай қызғылт ыстық леп,
Соғар жүрек, соғар тілей лүпілдеп.
Сөйткен жастық шоқтай сөніп қаларсың,
Махаббаттың жазылмас сап жарасын...
Бәрі:
Аппақ гүлдер солар әлі-ақ күз жетіп,
Аппақ гүлдер толар әлі-ақ қыс кетіп.
Есте қалар сенің жастық арманын,
Сүйген болса, күйген болса жас жаның...
Кенет қызыл әскерлер маршы:
Соқ достар, дабылды, соқ та соқ,
Шабайық біз тағы «уралап!»
Сілкінсін бар әлем, жер мен көк,
Қан құссын дірілдей жауыз тап!
Қайралсын қамсыз тез көк құрыш,
Шыққанда қас жауға бетпе-бет.
Басталсын ақырғы қанды ұрыс,
Қанды ұрыс жаудан біз алар кек!
Келгенде бетпе-бет екі жақ,
Жеңеді әр қашан ерлік іс,
Алға ұмтыл, қырандар! Іске сәт!
Ұра түс дабылды, ұра түс!
Тоқаш:
Айжаным!
Айжан:
Жан жарым!
Тоқаш:
Өмір - теңіз, толқи өтіп барады,
Жастық — жалын, шалқи өтіп барады.
Азат таңда туған ыстық махаббат
Азат жанды шарпи өтіп барады.
Айжан:
Тоқашым менін,
Өміріммен теңім.
Күлгенің— күнім,
Қайғы - өкпең — түнім
Өзіңсің, барым,
Ұятым, арым.
Жас жаныма жалын берген
Махаббатым саған деген —
Өшпейтін ол мәңгі,
Әнім ғой ақ таңғы.
Жарымсың жоқ теңі,
Жарамсың жоқ емі,
Жұрт - сынды біз де енді
Қыдырып мәз боп қалайық.
Жұрт - сынды біз бүгінгі
Шырқатып әнді салайық!
Тоқаш:
Түсіндім, сүйгенім, сөзіңе,
Мен - дағы ғашықпын өзіңе.
Мен қазір келемін, жүре бер...
Бір адам түсіп тұр көзіме...
Өтірік мастар:
(Матан мен шарап сапырушы)
Біз екеуміз, біз екеуміз бақшашы,
Біз екеуміз, біз екеуміз ақшасыз.
Ақшасыз да қор болмаспыз жаратқан,
Тек айырма тегін арақ, шараптан
Ха-ха!
Ха-ха!
Ақбілек:
(Тоқашқа)
Дүние бәрі жалған, бәрі бекер,
Тек мәңгі ләззат қана бал мен шекер.
Сүрсең де мың жыл өмір, сол ләззаттың
Бір мезет қызығына бар ма жетер?!
Ләззат деген жас бұлбұл,
Тыңда деп тұр әнімді.
Сөзіме, Тоқаш, мойын бұр,
Салма отқа жанымды!
Тоқаш:
Екі жас жарасасың ойнап - күлсең,
Қандай күн туса - дағы — қатар жүрсең.
Махаббат таза сезім тот баспайтын.
Кірлетпей адал оны сақтай білсең.
Сондай менің, Айжаным,
Айнымасқа антым бар.
Сол ғана менің арманым,
Сол ғана жалғыз сүйген жар...
Ақбілек:
Көл қадірсіз, болмаса үйрек, қазы,
Жер қадірсіз, шөп шықпай өтсе жазы.
Қорлық бар ма әйелге одан асқан
Сүйгеніне жетпесе айтқан назы?
Әліде сәл тоқташы
Айтатын тағы сырым бар.
Асықпашы, Тоқашым,
Арманыма құлақ сал.
Өтірік мастар:
Тоқал қанша ойнатса да бөксесін,
Комиссарың көрсетті тек өкшесін!
Бұл қорлыққа сірә тоқал көнер ме,
Кекті ашуға айналдырмай өкпесін!
Ха-ха!
Ха-ха!
Қызыл әскерлер:
(Кострома, Қуандық, Алшымбай)
Кенелді жұрт бүгін бір
Кенелді тіпті қыз-қырқын.
Тоқаш жұртқа бөліп жүр
Қашқан байдың мал-мүлкін!
Қыздар тобы:
Батыр туған Қуандық
Ер жүректі Кострома,
Қайтпас қайсар Алшынбай,
Істеріңе қуандық
Үлгі болған жастарға
Шығыңдар төрге алшаңдай!
Яшайла:
Жоғары, кәне, шығыңдар,
Ұрыстан қайтқан қан төгіп,
Ел қорғаған батырлар!
Қайтқан ерлер жау жеңіп
Босатып белден қылышты,
Демалуға тиісті!
(қуанып)
Айжан ханум, рұқсат ет...
Тоқаш мырза...
Ашкалла, төрем, ашкалла,
Көрсетуге біз дайын,
Сізге, мырза, сый - құрмет...
Тоқаш:
Оныңызға рақмет!
Бұл не қылған той-жиын!?
Кострома:
Комиссар, аз сабыр ет... Тоқтамасын ән мен күй.
Яшайла:
Болады қазір әсем би...
Алшымбай:
Батырдан туған батыр ұл,
Ұстар әке найзасын!
Батырдан туса жасық ұл
Демес, жауым, қайдасың?!
Естіген туса есті адам,
Дұспанын да дос етер.
Жұрт:
Естіден туса есалаң
Досын - дағы қас етер.
Алшымбай:
Сұлудан тусын сұлу қыз
Ер жігітті қуантар.
Қатынын болса ажарсыз
Таң орнына түн атар.
Қатының болса тым сұлу
Қамын ойлап бас қатар...
Жұрт:
Қасын, түгіл, досың да
Ебін тапса дәм татар...
(үрейлене)
Келе жатқан мынау кім?
Жүрісі үстірт екен тым!..
Әбен:
Арғы жақтан Жарас кепті,
Қасында жүздей сарбазы.
Ұмытпапты ескі кекті,
Түнде шаппақ Дарбазды!
Малын айдап кейін өтпек,
Жалайырды да ерте кетпек.
Яшайла:
Қай!
Мыналарды жинап едім,
Жарас өтіп кетсін деп.
Әбен доңыз, қайдан білдің
Тумай кеткір, жетімек!
Тоқаш:
Азғантай сорлы елімді қаусыратып,
Әкеткен бөліп алып арғы бетке.
Аш қасқыр, сол қылығын жанға батып,
Жүруші ем кегім қайнап көкіректе!—
Келген жоқ бостан босқа Жарас тегі,
Бүлдіріп кетпек қой ол тауып орай?!
Күн туды қайтаратын қанды кекті,
Енді оны жібермейік кейін қарай!
Мініңдер атқа, жігіттер!
Яшайла:
О,тақсыр!
Би жана ғана басталды,
Көріп кетіңдер!
Тоқаш:
Кекеткен жерін - ай!
Қош, сәулем!
Айжан:
Тоқташы азғантай...
Бір өзің бұл өмірде бар тірегім,
Шошиды дұспаныңнан жас жүрегім.
Аман қайт сын сапардан, ақ сұңқарым,
Дүниеден осы ғана бар тілегім!..
Ақбілек:
Көз салсын жан-жағыңа, сұлу Айжан,
Келеді қара түнек қанат жайған.
Алады Тоқаш басын батыр Жарас
Қызы үшін әке салған жолдан тайған.
Есің барда жөніңді тап,
Жет әкеңнің жанына!
Не қыласың күнә арқалап
Қалма Тоқаш қанына!
Айжан:
Қас па едің дос санасам, жүзі қара,
Салмақ па ең жүрегіме өшпес жара.
Ардагер, халқым ұлы Тоқаш үшін,
Қидым мен әкемді де садақаға!
Яшайла:
Күн туды, ал, жігіттер, кек алатын,
Дүниені қан жылатып, өрт салатын.
Күн туды Тоқаш - сынды қас қыранның,
Кесетін көк семсермен қос қанатын!
Матан:
Қансыраған көк болат
Қадалуға тұр дайын.
Қанды қармақ басын тарт
Жайраңдаған кек жайын!
Шарап сапырушы:
Тас жүректі өртеген,
Шықсын сыртқа долы кек!
Қадалсын көк желкеден
Суық қанжар көкпеңбек!
Бәрі:
Судай ақсын ыстық қан!
Ыстық қан! Ыстық қан!
Өр кеудеден шықсын жан!
Шықсын жан! Шықсын жан!
ЕКІНШІ ТАРАУ
Куәгер:
Түн қандай сұсты бүгін су қараңғы!
Мұндай түн ұшықтырар жан жараңды
Тергеуші келе жатыр Губчекадан
Тоқашқа жауып түрлі жау жаланы.
Ал мұнда қарақшылар тосып отыр,
Бәлеге тағы бәле қосып отыр.
Ақиық торға түссе жауы құрған,
Жиылып қарға, құзғын көзін шоқыр...
Ақбілек:
Күйедей жұқты оған жапқан жала,
Ұстауға комиссарды кісі шықты.
Бір сылқым тергеушісі жас бозбала
Бұл істе бола қоймас тақа ұқыпты.
Әкелдім жалған бұйрық тағы, міне,
Тоқашты ұстасыменен жүргіз деген...
Яшайла:
Барлық іс біту керек бір-ақ түнде,
Ойыңды, Ақбілегім, түсіндім мен.
(Қарақшылар қуанышы):
Бастадық біз тәуір істі, тәуір істі!
Тоқаш батыр қолға түсті, қолға түсті!
Ақбілек:
Бұйрық міне жазылған хат, жазылған хат!
Шарап сапырушы:
Қанды қармақ басын тарт, басын тарт!
Бәрі:
Іске сәт! Іске сәт!
Яшайла:
Комиссардың басын алар, басын алар!
Бәрі:
Міне пышақ, міне қанжар!
Міне пышақ, міне қанжар!
ҮШІНШІ ТАРАУ
Куәгер:
Тағы түн тас қараңғы, қашқан үрей,
Мұндайда тағдыр - дағы келер дүлей.
Қарақшы, дұспан біткен басын қосқан,
Сыртынан Ер Тоқаштың қамшы білей.
Комиссар Губчекадан шыққан төте
Жан екен ысылмаған әлі өте.
Және тым Ақбілекке қызығулы
Жарар ед етпесе бір үлкен қате...
Тойбазар:
Бұйрық мынау: ел-жұртына еткен қысым,
Тоқаштың тексер деген бар қылмысын.
Көргем жоқ жүргізіп мен мұндай істі,
Жарар еді шындығына жетсе күшім?
Құлпырған жасыл төгіп көркем
Майым, Кім мұндай
Май айында тартқан уайым?
Қыз қуып Алматымда жүре бермей,
Нем бар ед мұндай істе, беу, құдайым?!
Ақбілек:
Бұныңыз не, қайным - ау,
Неге жалғыз отырсыз?
Бізде де бар бақша-бау,
Жас келіншек сұлу қыз!..
Тойбазар:
Жеңешетай...
Қыз көруге келгем жоқ,
Онсызда —
Бастан асқан ісім көп.
Ақбілек:
Бұл елде, қонақ сыйлау салт боп келген,
Қайным - ау, өкпелетпе бүйтіп бірден...
Жеңгеннің өз қолынан тағамын тат,
Өзіңдей жақсыларға сақтап жүрген.
Жігіттің жалғыз болса таңы атқан ба,
Не жетсін ойнап-күліп дәм татқанға.
Ас-судан басқа да бар береріміз
Жалғыз кел, сөз ергізбей, ел жатқанда...
Тойбазар:
Жарайды, ел ұйықтап кеткесін...
Неткен сұлу көрікті!
Матан:
Тоқалдың көріп бөксесін,
Желікті мынау, желікті!
(Тойбазарға)
Жүрмесін Тоқаш өштесіп,
Қылығыңнан сезікті...
Тойбазар:
Өштеседі неліктен?
Матан:
Ләззат билеп ақылын
Аз ба төре еліккен.
Әлгі кербез қатының
Бөтен көрсе қызығып...
Көнбес Тоқаш ерікпен!
Тойбазар:
Ә-ә! Қара бұзығын!
Арызшы топ:
Тоқаш қырып барады,
Надан момын халықты.
Аямай кеп салады,
Көтере алмас салықты!
Атқа мінер:
Абақтыға салам деп,
Сұрады менен көп пара.
Шарап сапырушы:
Қатыныма барам деп
Арқамды етті көк ала!
Яшайла:
Тексерген жөн, комиссар, тексерген жөн.
Арызшы топ:
Құтқара көр бізді тепкіден!
Тойбазар:
Бәрін де өзім тексерем,
Тағыда қандай арыз бар?
Жасырмаңдар, айтыңдар!
(Тоқаш, Жарас тобы. Жарастың қолы байлаулы).
Әбен:
(Арызшы топқа)
Кәне, тараңдар, тараңдар!
Тойбазар:
Төтенше комиссар —
Күрек ұлы Тойбазар!
Тоқаш:
Тоқаш комиссар! Сәл шыдаңыз
(Жарасқа)
Тағы да қандай өкпең бар?
Жарас:
Әлі де айтар жырым көп...
Тоқаш:
Айт! Айт! Асығар қазір жайым жоқ.
Жарас:
Қыл бұғаудай босатпай тағдыр — көген,
Көкірегін жегідей қайғы жеген.
Бозторғайдай кішкентай болса-дағы,
Биік ұшар елім бар қазақ деген.
Сол сорлыны бір құзғын қанды балақ
Кетпесін деп қапелімде жем ғып талап,
Ақ патшаға қарсы қол жиғанымда
Қосылып ең тобыма өзін қалап.
Тоқаш:
Алдадың демексің ғой сен өкпелеп?
Жарас:
Әйтпесе бізге неге ермей қалдың?
Тоқаш:
Әдейі, сені қайта оралсын деп.
Жарас:
Иә, мен туған жерге қайта оралдым,
Тыйды ма бірақ, Тоқаш, халқым зарын?
Тоқаш:
Дертінің табылмаған ешбір емі,
Жүрегін отқа салған қайғы-шері
Жаралы аққу еді туған елім,
Тарылған ұшар көгі, қоңыр көлі.
Естимін енді аққудың әсем үнін,
Үркіткен сол бір әні қайғы түнін.
Көремін бүгін, Жарас, жайнап шыққан
Халқымның алтын нұрлы бақыт күнін!
Әкетіңдер! (Тойбазар келеді.)
Тоқаш:
Иә, сөйле, комиссар.
Тойбазар:
Отыр. Сен жайында бұйрық бар.
Тоқаш:
Не демексің?!
Тойбазар:
Халыққа көп қиянат істегенсің...
Делінген сол қылмысы тексерілсін.
Мінекей жарлық қағаз, өзің оқы..
Тоқаш:
(оқиды)
Япырмай, өңім бе бұл, әлде түсім!?
Тойбазар:
Түсіндің бе, Тоқаш, енді?
Губчека мені жіберді
Ашуға бетін қылмыстың.
Бұйрықтың аты бұйрық қой
Қанша жақсы көрсем де
Жабуға сені тиіспін.
Енді босқа сестенбе,
Тапаншаңды былай қой!
Тоқаш:
Өңім бе бұл, түсім бе бұл,
Қандай айып, күнәм бар?
Жау қанымды ішкелі тұр,
Қайдасың, дос, бауырлар?!
Патша айдап Сібір барып
Нелер азап тартпадым.
Абақты ма, түспес жарық,
Сондағы бар тапқаным?
Әлде күнәм, дабыл ұрып —
Бұзғаным ба жау қорғанын?!
Жетісуда Совет құрып,
Халқыммен бір болғаным?!
Енді, міне, қапылыста
Тәсілмен жау алмақ кек.
Олай болса кәне баста
Тергеуді тезірек!
Тойбазар:
Түн боп қалды,
Кірісемін таңертең.
Тоқаш:
Ойнайсың, бала, отпенен!
Тойбазар:
Конвой!
(жалғыз)
Ойнайсың, бала, отпенен!
Атың егер Тоқаш болса,
Таң атқанша жата тұрсын!
Басқа ойнайтын от табылса,
Неткен тергеу? Тергеу құрысын!
(көңілдене)
Бұл жалғанның шын жұмағы:
Шәйі көрпе, Мамық жастық,
Сұлу жеңгей от құшағы!
Әттең ерте! Ерте бастық!
(Қызыл әскерше киінген қарақшылар, ішінде Яшайла).
Яшайла:
Комиссар, сізге бұйрық!
Тойбазар:
Губчекадан?
Тоқашты жеткіз дейді Алматыға?
Өзің әкетесің бе? Мә қағаз,
Ол қазір отыр абақтыда...
(Яшайлалар кетеді, Айжан келеді).
Айжан:
Қассың ба, доссың ба сен, қайдан келдің?
Тексермей жау сөзіне қалай ердің?
Сұмдықты көрмейсің бе қаладағы,
Жарар ед мерт болмаса ардагерім!
Түнерген қараңғы түн құбыжықтай, —
Қарашы тына қалған үні шықпай,
Тегін бе? Босат қазір Тоқашымды,
Бандылар тұрғанында басын жұтпай!
(Кенет көзі стол үстінде жатқан
Тоқаштың тапаншасын көреді.
Дереу ала сап Тойбазарды көздейді).
Босат қазір жаның барда! Бір!.. Енді!...
(Кострома кіреді.)
Кострома:
Тоқта, Айжан!
(Тойбазарға куәлігін көрсетеді).
Тойбазар:
Контрразведка агенті?
Кострома:
Тоқаш қайда?
Тойбазар:
Абақтыда!
Міне бұйрық Алматыға жүргіз деген.
Кострома:
Кім берген?
Тойбазар:
Зотов!
(Қағазды қарап)
Комиссар, жан екенсің сен алданған!
Жалған мөр! Жалған бұйрық!
Бәрі жалған! Қол қойған.
Зотов болып бөтен адам,
Жасынан оның қолы таныс маған.
(Ызалы)
Қанды кегін, улы зәрін,
Ішке сақтап дұшпан жүр.
Қан сұраған сұр қанжарын,
Қайрап қамсыз дайын тұр.
Аштым банды мен сұмдығын,
Басам қазір ұясын.
Яшайладай сұм құзғынның
Қос қанатын қиямын.
Абақтыда — ендігі іс,
Төнген оған жау кәрі.
Құтқар жылдам, құстай уш,
Тоқаш тірі болса әлі?!
Тойбазар:
Мүлт кеткен де жау оғы!
Тревога! Тревога! Тревога!
Айжан:
Тоқашым, ардагерім, ақсұңқарым,
Жете ме құлағыңа теккен зарым?
Жарар еді қалса тірі, көрдіңдер ме
Жау қалай комиссарды алдағанын?
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Куәгер:
Атып келед, атып келед алтын таң
Тыңдаңдаршы, тыңдаңдаршы, естіледі сұлу ән!
Алыстағы ән:
Жастық — көктем, шаттық гүлін тағады,
Махаббат — күн, бақыт нұрын жағады.
Ақ айдында ләззат әнін сыңсытып
Аққу құстар талмай қанат қағады.
Аққу құстар тамаша ән салады,
Ақ айдынды, тербетіп кең даланы.
Яшайла:
Комиссар, сізге бұйрық!
Тойбазар:
Губчекадан?
Тоқашты жеткіз дейді Алматыға?
Өзің әкетесің бе? Мә қағаз,
Ол қазір отыр абақтыда...
(Яшайлалар кетеді. Айжан келеді).
Айжан:
Қассың ба, доссың ба сен, қайдан келдің?
Тексермей жау сөзіне қалай ердің?
Сұмдықты көрмейсің бе қаладағы,
Жарар ед мерт болмаса ардагерім!
Түнерген қараңғы түн құбыжықтай,—
Қарашы тына қалған үні шықпай,
Тегін бе? Босат қазір Тоқашымды,
Бандылар тұрғанында басын жұтпай!
(Кенет көзі стол үстінде жатқан.
Тоқаштың тапаншасын көреді.
Дереу ала сап Тойбазарды көздейді).
Босат. қазір жаның барда! Бір!.. Енді!...
(Кострома кіреді.)
Кострома:
Тоқта, Айжан!
(Тойбазарға куәлігін көрсетеді).
Тойбазар:
Контрразведка агенті?
Кострома:
Тоқаш қайда?
Тойбазар:
Абақтыда!
Міне бұйрық Алматыға жүргіз деген.
Кострома:
Кім берген?
Тойбазар:
Зотов!
(Қағазды қарап)
Комиссар, жан екенсің сен алданған!
Жалған мөр! Жалған бұйрық! Бәрі жалған!
Қол қойған Зотов болып бөтен адам,
Жасынан оның қолы таныс маған.
(Ызалы)
Қанды кегін, улы зәрін,
Ішке сақтап дұшпан жүр.
Қан сұраған сұр қанжарын,
Қайрап қамсыз дайын түр.
Аштым банды мен сұмдығын,
Басам қазір ұясын.
Яшайладай сұм құзғынның
Қос қанатын қиямын.
Абақтыда — ендігі іс,
Төнген оған жау кәрі.
Құтқар жылдам, құстай ұш,
Тоқаш тірі болса әлі?!
Тойбазар:
Мүлт кеткен де жау оғы!
Тревога! Тревога! Тревога!
Айжан:
Тоқашым, ардагерім, ақсұңқарым,
Жете ме құлағыңа төккен зарым?
Жарар еді қалса тірі, көрдіңдер ме
Жау қалай комиссарды алдағанын?
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі