Мұңлық – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мұңлық» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 985
Күннен күнге жүрегiмдi жүдетiп,
Айлар ағып... Бара жатыр жыл өтiп...
Аққу-қазы сыңсып ұшқан айдындай
Мұң тамады кiрпiгiңнен дiр етiп.
Мұң тамады –
Ып-ыстық мұң... Мұздай мұң..,
Қорғасыннан ауыр тартып қыз-қайғың.
Көз-көлiңде бiр көрiнiп, бiр батып,
Қалтаң қаққан қайық мiнiп жүздi ай, күн...
Тiршiлiкке берiп қойып тiзгiнiн,
Жүрегiңнiң естiрте алмай iзгi үнiн,
Жаз жабырқап,
Күз мұңайып,
Қыс тоңып,
Өтiп жатыр, өтiп жатыр қыз күнiң.
Өтiп жатыр Серi – көктем, Сал – көктем,
Əлдеқайда əлдекiммен əндеткен...
Ал сен жүрсiң оңашада ой кешiп,
Жолаушыдай жарты өмiрi жолда өткен.
Той жасады теңiн тауып көп құрбың.
Той жасауды сен де, бəлкiм, ниет қылдың...
Жалғыз ниет жар бола ма, ерге емес,
Ерiнiңдi жел өтiне өптiрдiң.
Мен түсiнсем –
Жiгiттердiң төресiн
Өңiңде емес, түсiңде көп көресiң.
...Кiм аялар, кiм аймалар, қайран-ай,
Бойжеткеннiң күйiп-жанған денесiн?!
Тiршiлiкте, қуанышы, мұңы бар,
Кiмнiң жанын кiм түсiнiп, кiм ұғар?
Кiр шалдырмай асылыңа ең қымбат
Батар күнмен, бəлкiм, көзiң жұмылар...
Мынау жұмыр жер бетiнде ал əзiр
Бiр бойжеткен жалғыз жатып, дара жүр.
Жетiм жүрек, жесiр көңiл сол қызға
Ей, Дүние, көз қырыңды сала жүр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұңлық өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мұңлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұңлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұңлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері