Сүйшi менi – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сүйшi менi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 895
Сүйшi менi...
Сүй тағы,
Ерiнiмде дақ қалсын.
Боз даланың сиқы əнi,
Бозмұнарға батқан шын.
Ащы-тұщы тағдыр бұл,
Құдайына құлданған.
Бiле-бiлсең, жан құрбым,
Өмiр соңы – сұм жалған.
Ерiншекке ұйқы – азық,
Арсызға не айлаң бар?
Кəрi қыздай сиқы азып,
Кетiп қапты Айдан да əр.
Сүй, сүйе түс,
Сүй, жаным...
Мен өмiрден озарда:
Кəмiл болсын иманым
Алып кетер ажалға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері