Қызыл ішік киген дүние-ай – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Қызыл ішік киген дүние-ай» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 546
Рухың – бұл дүниеде бәрібір жалғыз, жетім-ді,
Жаны жұтаңдар – қансорғыш, кене секілді!
Арыстан – үнсіз, түлкінің сөзі өтімді,
Қызыл ішік киген дүние-ай!

Қарқылдамайын десең, - қарғамен бірге отырма,
Қирайды, бір күн – Ханға тігілген шатыр да.
У-ды көп ішкізген – киелі Биге, Батырға,
Қызыл ішік киген дүние-ай!

Жаны жомарттың жағасын қандап қояды,
Жетесіздер тек – ішіп-жеп қана тояды.
Қыза алмай тұр ма, алтын ғасырдың тойы әлі,
Қызыл ішік киген дүние-ай!

Бұл көштің мұңы – бұрынғы көштен ерекше,
Хайуан – адамға! Адам айналған – терекке!
Қиямет жақын – бізге осы тартыс керек пе?
Қызыл ішік киген дүние-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері