Қарағым, сiз қайдағы, бiз қайдағы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қарағым, сiз қайдағы, бiз қайдағы» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Қарағым, сiз қайдағы, бiз қайдағы...
Көңiлдi, көктем көшiп, күз жайлады.
Құздан да биiк бiлем қыз құзыры,
Қылдан да нəзiк бiлем қыз байламы.
Сен кеттiң алты қырдан асып əрмен,
Апталды Алатаудың басы қармен.
Астынан алты қырдың «əу» дер болсаң,
Асығым алшы тұрып... асығар ма ем!
Астынан алты қырдың «əу» дегенiң
Жаңғыртып жатса, шiркiн тау көлемiн!
«Кетпейсiң күндiз естен, түнде түстен,
Басымды сонша немен əуреледiң?»
Бұл əндi кiм айтады бiзден бөлек,
Болмаса Хақтан хабар, сiзден дерек?
...Саусағын қайдан жайсын Айға қарай,
Үмiтiн үф еткен жел үзген желек?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері