Сөз құны

Бұл бетте «Сөз құны» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 735
Білесің бе қанша екенін сөз құны?
Көрінгеннен көрген жоқ па Ол езгіні?
Қандай күйде,
Қара қылды қақ жарған
Ата-бабам алдаспаны, кездігі?
Алдаспанды тот баспасы белгілі,
Оңды сөзден от қашпасы белгілі.
Терін алсаң..,
Текті Ақалтекенің
Айдалаға ап қашпасы белгілі.
Зергер білер алтын менен жез құнын.
Кез келгенге сілтенбейді кездігім.
Ерегес пен егес емес,
Жігіттің
Майдан білер ерлігі мен ездігін!
...Базбіреулер жасап алып сөзден оқ,
Сөз оғымен жүрегімді көздемек.
Не амал бар?
Түспей қойса мінбеден
Көкімылжың көк малтасын езбелеп?
Сөз оғымен жүрегімді көздегіш
Сұр мергенше түсірмейді көзге күш.
Заманнан да,
Қоғамнан да,
Адамнан
Тілемейді түбегейлі өзгеріс.
Ол байғұстың бар арманы,
Бар мұңы:
Басындағы тақияның тарлығы.
Жүрегінде жатпайды оның жар мұңы,
Арқасына батпайды оның нар жүгі.
Оған көктен жай түсірер тəңір жоқ!
Отырғаны көбік сөзден шар үрлеп –
Жақсылықтың жағасына жармасып,
Тоқшылықтың нарттай қызыл нанын жеп.
Сөз бағасын бөз құнына түсіріп,
Біздің бастан ұшты ма, əлде, құс-үміт...
Қайда, ағайын, Қазыбектен қалған сөз?
Қайда, ағайын, қасиетті кісілік?
Заман басқа,
Жүректегі жүк басқа.
Мұңымды ұрпақ айналды ма ұқпасқа?
Салқын сезім кімге керек салбөксе?
Алтын сөзім жезтаңдайдан шықпас па?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз құны өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сөз құны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөз құны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз құны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері