Сурет – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сурет» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 963
Айнала жым-жырт, шаңқай түс кезі.
Мөлдіреп тұнық қарақат көзі
Алысты кезіп, сағыныш билеп,
Биікте бикеш тұрды бір өзі.
Еліктей үркіп естілсе сыбыс,
Еліге толқып андаса дыбыс,
Ширығып сұлу таппады тыным,
Сезіліп секунд сағаттық тұрыс.
Кезеңнен кенет үдере шұбап;
Көп жылқы кетті көл жаққа құлап.
Телміре қарап қалыпты ару,
Қайтесің оның себебін сұрап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері