Оралшы бір – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Оралшы бір» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 853
Бұл күндері өзін болдың аңсарым,
Сұлу көктем, қадірмені баршаның!
Ойхой дүние, оралып бір тазартып,
Кетер ме едің көңілімнің бар шаңын.
Білемін ғой қайрылмасын өткеннің,
Өтімі жоқ уақытқа наз-өкпенің!
Сонда дағы жаз жайлауға жанымды
Қондырып бір кетер ме едің, көктемім
Оралшы бір, сонау қырға барайын,
Бойым жазып серпіліп бір қалайын.
Көкірегімде қалғып кеткен бұлбұлды
Оятайын, аспандатып алайын.
Оралшы бір өзің болып қарайын,
Оралшы бір менің де өссін талайым.
Оралшы бір баяғыдай тыныстап,
Баяғыдай лапылдап бір жанайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері