Торығу – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Торығу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 567
Қыздарымның
Аярлығын көрген
Қос көзiм
Неге ағып кетпей тұр?!
Ұлдарымның
Инеге байланғанын бiлген
Жаным
Неге жанып кетпей тұр?!
Осыларды
Көре-көре безiнiп, –
Құйынның iшiне кiрiп! –
Айдалаға
Маңғып кеткiм келедi.
Қара бұлт бүркенiп
Тау-тасты кезiп
Қаңғып кеткiм келедi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері