Даукес – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Даукес» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1155
Дабысы
Дүниенi алып барады.
Дауысы
Құлақты жарып барады.
Қай кезде көрсем де
Шабынып тұрасың.
Даудан дауыл тұрғызып
Қағынып тұрасың.
Жай жүре алмайсың!
Соқтығасың!
Қақтығасың!
Бұлан-талан бүлiнiп –
Күл шашып,
Топырақ уыстап
Лақтырасың.
Бит шақса
Ит қапты дейсiң.
Шабақ тисе,
Мұхиттан шығып кеп
Кит қақты дейсiң.
Айналаны азан-қазан қып
Тұнықты лайлап
Сапыратының-ай.
Адам түгiлi! –
Шайтанның өзiне
Бала тастатып
Бақыратының-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері