Жапырақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жапырақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 617
Көңіл күзін бездіріп,
Күлгенімен атырап:
Өмір күзін сездіріп,
Сарғайыпсың жапырақ.
Самал – ана, сен – бала,
Еркелеуші ең былдырлап
Мөлдір бұлақ ән сала
Үн қосатын сылдырап.
Тіршіліктің тынысы
Соқса мәңгі тыншымай.
Өмір сүрген ешбір гүл
Сарғаймаса шіркін-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері