Түн құлазып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Түн құлазып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Түн құлазып,
тәрізді тұлдыр жазық,
Мен құлазып
сабырды етем азық.
Ұйқы алмай тілімді
қажытқан соң
Мақпал түнге
ойымды тұрмын жазып.
Маужырайды мамыр түн
мүлгіп маңай,
Жарығы жоқ
тәрізді күңгірт сарай.
Жаудыр түнге,
жарқын ой тұрмын жазып.
Түн жылжиды
өйткені, таңға қарай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері