Бөбек – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бөбек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 547
Титтей ыстық жүрегінде
Түр ғой сенін, таң күліп.
Қылығыңа қызықтырып,
Аймағыңды таң қылып.
Ақ жанымды ақтарғыштап,
Апалайсың не біліп...
Бүлдіршінім, бал тіліңнен.
Еріп барам төгіліп.
Жан жүйемді тебіренттің,
Ақ сүтімдей пәк қылық.
Елде көріп, еміренуге
Бұйырмаған тәттілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері