Аяды – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Аяды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 593
Ақ лақ маңырап,
Енесін іздейді.
Ал Әсем таңырқап. –
Тиді екен кім? – дейді.
Көрмек еді уатып,
Ақ лақ көнбеді
Басынан жұбатып,
Сипауға бермеді.
Кім сені жылатты,
Кім?– деді, сұрады,
Аяды лақты,
Қосылып жылады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері