Суретші – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Суретші» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 935
Суретші қолға бояуын алып,
Көлеңке жаққа жайғасты барып.
Асықпай баппен бастады істі,
Бояумен қанық алуан түсті.
Жасылдан жайлап көгалды баптап,
Сарыдан сұлу шығарды бақбақ.
Қызылдан кірпіш дап-дайын болды,
Қаланды үлкен, биік үй онды.
Көк күмбез тікше шатыры әсем.
Болсын ба үйден ауласы бәсең,
Алқызыл, күрең бояудан қанық
Гүл өсті небір құлпырып, жанып.
Жел беріп, желпіп, жайнатып гүлді.
Көгілдір фонтан атқылап тұрды.
Құрылды биік әлпеншек ағаш,
Ескерді оған тумауын талас.
Осыны шебер атқарды бояу,
Бәрінен шебер
Мараттың ойы-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері