Кипарис – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кипарис» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 603
Ноқталап асау жүрегін,
Сыр ашпай сұлық жүретін.
Тағдырға көнбіс арудай
Тұрасың мұңнан арылмай.
Бақ талай баста өлшенер,
Сұлулық бақыт болса егер,
Ай сынды әсем жұпар иіс,
Мұңлысың неге, кипарис!
Қасыңнан өтсем, қараймын,
Жаныма жақын балаймын.
Символы мұңның кипарис,
Маған да сол бір мұң таныс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері