Ұсақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұсақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 595
Дейміз ғой керегі не ұсақталып,
Ұсақтар да қадамды тұсап қалып.
Жатады
Торы сынды өрмекшінің
Жалбыраған жалбысқа құсап барып.
Өсіріп өз маңайын құшаққа алу,
Әдейі өзгелерді тұсап қалу.
Татымды ірілерді ұсақтатып,
Молайды ірі тұрып ұсақталу.
Боламыз ұсақ қой деп ескермеген,
Төземіз әрекетке көш көрмеген.
Тамшы да тас жарады, із қалады,
Ұсақ ұшып көңілден кешкенменен. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері