Есінде болса деп ем ұрпақтардың – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Есінде болса деп ем ұрпақтардың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 665
Ешкімнің ой түбіне жетпегенін,
Табағын тартпай тағдыр өтпегенін
Білсем де, шым батамын иірімге
Күн сөніп, құлардай-ақ кек дегенің.
Тірлікте түйінім көп шеше алмаған,
Құлаштап дария өмірді кеше алмаған
Кең тұсау, ұзын арқау болмай менде...
Өрісім толғандырады өсе алмаған.
Қорықпаймын бақиға мен барам-ау деп,
Жайнаған жарық дүние қалады-ау деп.
Тағдырға ризамын, тек, ойланам
Бір күні ұмыт болып қалам-ау деп.
Бәрінде азды-көпті жинақтардың
Оқушым, өзіңе аз-кем сыр актардым.
Балаған ұрпағыма ән мен жырым,
Есінде болса деп ем ұрпақтардың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері