Нала – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Нала» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Бұл тағдырдың талқысына
Алты жастан көнген ем.
Ащысын да, тұщысын да
Әбден татып көрген ем.
Ризығына риза болып
Алғыс айтып Тәңірге
Бұйырғанға қанағат қып,
Жетегіне ерген ем.
Бітпей әсте қойды-ау әбден
Кереғарлық көлденең,
Түйін, түйнек болып қатты
Байланған сор, шер-шемен.
Кетермісің бітеу жара
Ашылып бір жарылмай,
Көз жұмамын ба япыр-ай
Қалың сордан арылмай.
Қосып айтып не қылайын
Татымсыздар қылығын
Жетесізге арнаған сөз,
Желге кеткен бос шығын.

06.05.1999 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері