Бұл өмірде не қылық жоқ, не кінә – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бұл өмірде не қылық жоқ, не кінә» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Бұл өмірде не қылық жоқ, не кінә,
Пысық болсаң, кінәлі тұрып, көпке ұна.
Қылмысыңның шығып жатып сирағы
Су жұқтырмай билік ал да, топ құра.
Қарама артқа көпке тиді кесірім,
Деп ойлама!.. Қате кетті несі мін!..
Қойдан қоңыр аман болса аңқау ел
Кінә тұрған жерде тұрады кешірім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері