Қу дүние – Ерхан Болатұлы

Бұл бетте «Қу дүние» атты Ерхан Болатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2018
  • 0
  • 0
  • 4707
Жанарыма жасырып мұнар айды,
Өз тағдырым өзіме ұнамайды.
Жетім мына жүректің жарасы ауыр,
Жәутеңдейтін жанар ма сығалайды?!

Адалдығым намысым қалайды ағын,
Білем мендік шұғылаң арай барын.
Елесіңді кемсеңдеп балалығым,
Еске алып өксікпен қарайладым.

Жеткізбейтін қуғаннан жалған арман,
Арбалғаннан шаршадым алданғаннан.
Күтетіндей қуаныш зарлы жүрек,
Таңдап алған шуақты таңнан алдан.

Уақыт жебір, қарасаң қасқыр айды,
Жыл жылжиды берік дер тас шыдайды.
Санадағы жауапсыз сұрақтарға,
Жауап іздеп жанардан жас құлайды.

Алаңдамас мен үшін алаңдарым,
Менің сенген іздейтін адамдарым.
Жалған маған жалт еткен бағын берген,
Қу дүние қас қылған маған бәрін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері