Бұл бетте «Иығыңа зер шапан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақындар қауымымыз кейде тату,
Дүрдараз қалжыңға да кейде бату.
Өзін, де апта соқпай басылмайтын
Арқаның ақ бораны ақын Ғафу.
Болсаң да өзің шағын үлкен жүрек,
Торғайдың даласынан ұшқан түлеп.
Қаршыға шақар мінез,шапшаң ілгіш,
Демейтін мынау түтек, мынау түнек.
Орғытып, жалында ойнап «Ақбоз аттың»,
Торғайдың даласында арындаттың.
Құйғытып жүріп талай «Белден асып»,
Ғажайып «жер астында жұлдыз» жақтық.
Туған жер шарлап талай сырын таптың,
Мәуесін жырлай жүріп шырын бақтың.
Арманы ғасыл болған асыл ұстаз
«Қоңырауын кең даланда» сылдыраттың.
Жүректе құттықтаған жалын басым,
Келіп тұр үлкен-кіші дарындасың.
Зер шапан иығыңа ата жолы
Деп жабады ақын апа-қарындасың.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі