Тұтылу

Бұл бетте «Тұтылу» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 533
(Т. Таңжарыққа)

Алматы көшелерін кезген
жалаңаяқ жастықтың
Ағарған шашы қылаулап...
Қап-қара суреттер мен күрсіністерге толы,
Ғасыр қалтарысында қалған
бейбақ Отанның тұрғындары –
Мың бөлшек,
Кісі танымастай өзгерген өңі.
«Қожыр таулардан қошқар мініп келген»
Әй, қайран қауымның соңы.
Бырт-бырт үзілген домбыра ішектері,
Шанағын сары жел – уайым кезіп.
Сазына елітіп мың жылғы...
Сағынышқа айналған...
Алып шаһарда басталған
мағынасыз жорық.
Іштік. Ж едік.
Қалтыраған саусақтарымызбен
картаны шашып
Бал ашқан сығандай «ғайыпқа» сеніп...
Ауылда бір дос бізді еске алыпты,
Тұп-тұнық көз жасын төгіп...
Ұмыт болған-ды әлдеқашан,
Жанашырлықтың соңғы тамшысы...
Сол досты еске алдым бүгін
Көшкен жұрттай құлазып,
Ж үзімде тұтылып жұқарған
Айдың жартысы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұтылу өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Тұтылу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұтылу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұтылу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері