Біздің маршал Буденный
Шыққан күн шалған толқын секілденіп
Ту толқып. Қызыл алан, шат боп кеңіп,
Беттеді Мавзолейге миллион топ,
Әні бал, күлкілері күміс көрік.
Даусында оркестрдің қайрат, ерлік,
«Мынау күй ер елдік!» дегізерлік;
Шекара шым болаттан құйған қорған,
Сондықтан бізде шаттық, бізде ерлік!
Мен-дағы еріп топқа қалың бұйра,
Ақыл, ой қызыл тудай жайнап мида.
Келе жатсам, конница командирі
Түседі көзім маршал Буденныйға.
Жүгіртіп тұлғасына көзімді мен,
Жұмсап бар басымдағы сезімді мен,
Қайткенде ұқтыруға біле алмаймын,
Кернеген жүрегімді сезімді мен.
Ардақты маршал Семен Михайлович!
Бойында найзағайдай бар қуат, күш.
Көзіме көрінесін ұябасар
Бүркіттей қасқыр менен аю алғыш.
Шаттығы кептің — күлкің жылы нұрдан,
Ол нұр аттап өтеді ғасыр алдырмайды жылдан;
Сенің батыр тұлғаңды скульптор,
Еңбекпен зорға жасар мрамордан.
Кеудеде Ленин таққан жеті орден,
Батырлық қимылыңа сыйға берген;
Конница сен команда берсең eгep,
Бір вершок жауға жерден.
Бір батыр сендей-ақ боп туар ұлдан,
(Жолыңды келешекте қуар ұлдар!)
Беліңе берік таққан наган, қылыш
Большевик дүкенінде суарылған.
Келсең де орта жасқа күшін, жалын,
Жалынмен қыздырасың ақын жанын;
Күзетте берік тұтқан қолда қалам
Ақыннан сәлем, жолдас Командарм!
Кәрі тарих бетінде кейбір батыр,
Зорлыққа басшы болған нелер батыл,
Олардың қабіріне қарғыс жауған,
.Халыққа мінезі мен ісі жат ұл.
Есіме алсам мен егер Ескендерді,
(Майданда тізеден қан кешкен ұлды)
Жазықсыз миллиондардың қанын төгіп,
Халықты атағымен сескендірді.
Есіме алсам, Әзірет-Әліні мен,
Діншілдіктің қоңырсық жалынымен,
Өрттей жайпап халықты, жүрген жердің
Күйдірді өсімдігін тамырымен.
Есіме алсам, егер Шыңғысты мен,
Жер қыртысын өртеген зор күшпенен.
Халықты баудай турап, отай берген
Көзіме елестетем қылмысты мен.
Ескерсем Наполеон Бонапартты,
Өз басын ұтқызатын ойнап қартты,
Аз күндік әмірші боп тұрғанында,
Обалын сан момынның мойнына артты.
Сондайлар... «батыр» деген тағып атты,
Іздері авантюрист болып бақты,
Батырдың барымтасы, бауыздауы
Зәресін ап, қорыққан ел зар қақты.
Ел талай көл-дария ғып жасын құйды,
Сол көз жасын халықтың Ленин тыйды.
Кемеңгер коммунистік партиясы
Өсірді баулып батыр Буденныйды.
Майданның маңдай алдын алып ылғи,
Буденный болды бейне жауға қырғи,
Жырлады жұрт жорығын Буденныйдың;
«И, ex; конная Буденного
Раскинулась в степи!»
«Конная Буденного» күзетте сақ,
Ұшқан құсты шалатын астында ат;
СССР шекарасы болат қорған,
Аттап баса алмайды аяғын жат.
Бірақ жау аттаудың жүр амалында;
Басар бүр болмаса да табанында,
Болмаған бір зор соғыс болғалы тұр
Екі дүние сүзіскен заманында.
Ол дүние: фашизм мен коммунизм,
Соғыста фашизмнің лас ізін
Жойып жерден, адамның жазы туып;
Әділеттік жаңартпақ дүние жүзін.
Сол соғыста «Конная Буденного»
Майданда жауып нөсер жауға оғы,
Батырдың айбынынан жер тітіреп,
Жосылып жатпақ ашық болып жолы.
Күнінде жер жүзінін, жауын жеңген,
Қымбат сый алғанында тағы елден,
Ардақты маршал Семен Михайлович,
Кеудеңе өлеңнен мен тағам орден!
1935
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі