Кеудемдi тербетiп арман – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Кеудемдi тербетiп арман» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Кеудемдi тербетiп арман,
Ояттым ұйқыңнан сенi.
Дүние шаршаған, талған,
Жайнаған жаз кешi едi.
Ұялшақ бозбала сынды,
Нөмiрдi қорқақтай тердiм.
Жүрегiм алқынып тұрды.
Сен алатыныңа сендiм.
Ояттым ұйқыңнан сенi,
Мезгiлсiз қоңыраулатып.
Бүр жарып көңiл көктемi,
Жымиып тұрғандай бақыт.
Әдемi түсiңдi қиып,
Келдiң бе ерiне басып?
Даусыңа қалдым мен ұйып,
Ойлаған сөздерiм қашып.
Жайнаған жаздың кешiнде,
Ояттым.
Кiнәлi емен.
Санаңнан менi өшiрме,
Өшiрмейтiнiңе сенем.
Қиял ғып бейнеңдi елес,
Көруге боп тұрдым құмар.
Оятуға ғана емес,
Сүюге хақым бар шығар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері