Өлең, жыр, ақындар

Басқаша едi аңсарым жүрегiмдегi

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Басқаша едi аңсарым жүрегiмдегi,
Иеленiп алды да бiр өмiр менi,
«Оймен де, қырмен де жүре бiл» дедi.
Осылай өту тiрлiктен тiлегiм бе едi?..
Бiр пақыр болдым шайқалған миы,
Кеудемде жаным өзiме сайқал налиды.
Айналам – көзге көрiнбес шайтандар биi...
Дiңi бос менi олар қайдан таниды?
Әлсiз бұлқынып ар-намыс деген,
Өтiрiк сөзбен дос болдым, жалған iспенен.
«Тазарамын» деп ертеңдi алданыш көрем,
Бiр кезде аппақ парақ едiм ғой таңба түспеген...
Қызықтап жүрiп тәннiң құмарын,
Өзiмдi ұмыттым, қаңғырды қаным.
Бағынып жүрiп, бәрiн сынадым,
Бағынып бiттiм.
Ендi... бағындырамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлдi адам

  • 0
  • 0

Өлдi адам.
Өмiр немене?
Сөндi де тiрлiк көрiгi,
Топырақ өстi төбеде,

Толық

Ән салып жүрген жеңешем

  • 0
  • 0

Бұзауды айдап ертемен,
Жотаға шықсам жаз күнi,
Естiлушi едi ерке әуен,
Көршi жеңгейдiң назды үнi.

Толық

Жылап тұр Алматы көктемi

  • 0
  • 0

Жылап тұр Алматы көктемi,
Қайғысы көп пе едi?..
Бұл кеште бұйығып отырмын,
Сол үшiн сөк менi...

Толық

Қарап көріңіз