Төрт сый – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Төрт сый» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 745
Арапқа алла силапты,
Қасиетті төрт нәрсе
Болсын деп сұсты, сымбатты,
Ерлер, ғұмры өткенше.
Шалманы берді әскерге,
Тәж біткеннен қадырлы.
Шатырды берді көшкенде —
Баспана, қырда дауылды.
Болатты берді шып-шымыр,
Жартас пенен дуалдан,
Тұтқындайтын берді жыр,
Өр сұлуды сыланған.
Гүл жинадым жырыммен,
Сұлулардың шашынан.
Әйелдер пак сырымен,
Маған адал, асыл жан.
Гүл мен шырын толы енді,
Жайнап тойлы дастархан,—
Ғибрат тұтсаң өлеңді,
Бұл жаңа жыр басталған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері