Достық жыры

Бұл бетте «Достық жыры» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 677
(1775)

Сезім мен шарап қосылып,
Жанғанда — жас шақ — маздағым.
Шырқайық, қалмай тосылып
Достықтың сиқыр сазды әнін.
Думанның тәңір исі
Бізбенен шалқып тойласын.
Сезімнің: сері киесі
Жүректің төрін бойласын.
Оранып жаңа жалынға
Жүректер бірге туласып.
Шарап та таза, жаның да
Достықтан таза туғасын.
Алайық жаңа тостарды
Таныстық үшін кідірмей,
Ұмытпай ескі достарды
Сындардан өткен сүрінбей.
Достарсыз адал, тірлікте
Болсын қай ырыс — жұбаныш.
Салтанат, шаттық — бірлікте
Жоқ одан асар қуаныш.
Шырқайды достар. үндері
Беріліп сезім ырқына.
Тие алмас көңіл кірбеңі
Көңілді кештің шырқына.
Көкірек — сергек, еркін ой
Жазылған мына маңдайға.
Бастады тағдыр, еркі ғой,
Тірліктің жолын шалғанға.
Еркіндік жолын басып нық,
Алыстап кетіп барамыз.
Аршылып жалған пасықтық,
Тазарып жан-тән, санамыз.
Қадамды қадам қуады,
Шегі жоқ, ұзақ жол деген.
Жанарды жігер буады,
Кеудені шаттық кернеген.
Топан су қаптап кетсе де,
Бәріне жүрек шыдайды:
Өйткені өмір өтсе де,
Сөнбейді ДОСТЫҚ шырайлы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достық жыры өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Достық жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достық жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достық жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері