Екі жерде

Бұл бетте «Екі жерде» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 504
Екі жерде біздер өмір сүріппіз,
Екі жерде екі тілді біліппіз.
Қызыл сызық бөлгенімен араны,
Бір ауамен тыныс алып жүріппіз.

Аласатып қара ертіске жол алған,
Тас тұмадан ішіп өстім. жоқ арман.
Ақ шабақтар саған кеткен екен ғой,
Су бетіне шоршып қайта жоғалған.

Орман ба деп ит тұмсығы өтпейтін,
Шегараға бала қиял жетпейтін.
Меннен гөрі батыл екен жылқылар,
Осқырынып солай қарай беттейтін.

Өтпесе де бергі бетке кемеміз,
Ата жұртты аңсап талып келеміз.
Болсақ тағы бір мекеннің перзенті,
Кездескенде тосырқаймыз неге біз?!

Алтайға ұқсап тым биіктен қарайсыз,
Елге аға болуға да жарайсыз.
Аққабаның суын ішіп бас жағын ,
Аман ба деп сұрамайсыз қалай сіз?!

Табиғатқа сәлем беру салтыңды,
Ұмытпағын сылтау айтып әр түрлі.
Аяғында жүзіп жүріп Ертістің,
Сұрамайсыз басы неге тартылды?!

Ары- бері көшіп қонған ауылдар,
Қақ бөлінді соққан кезде дауылдар….
Екі жер деп жүргеніміз бір ақ жер,
Арғы бетте қалып қойған қауым бар!….


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі жерде өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Екі жерде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі жерде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі жерде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері