Желтоқсанға тағзым – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Желтоқсанға тағзым» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 610
Тауелсiздiк!
Ұмытам сен дегенде бар мұңымды,
Тапсырғам саған әкеп тағдырымды.
Теңеймiн жер үстiнiң бейiшiне,
Алаңсыз сенде өткен әр күнiмдi.

Кетемiн айбаттанып бiр сен десем.
Ауыр сын майырылып бүрсеңдесем.
Aрмандап көрмей кеткен қазақ үшiн,
Екi есе артық өмiр сүрсем бе екен?!

Желтоқсан төзген мезгiл бар сындарға,
Тенгермен шiлдеге де маусымдарға.
Мұз үстiнде от жана бередi eкен,
Кек тұтанып төзiмдер таусылғанда.

Мерейдi шырқау көкке өсiрген күн.
Дұшпандар көрде жатып өкiрген күн.
Иықты езiп бiткен бодандықтың,
Қамыты бiр жолата шешiлген күн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері